26 Сәуір, 2020 Саясат
Daily Express
Жапониялық және Оңтүстік Кореялық ақпарат көздерінің айтуы бойынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сенбі күні көз жұмған.
Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
HKSTV Гонконг спутниктік теледидары директорының орынбасары Шицянь Синьцзудың айтуынша, «өте сенімді дереккөз» Ким Чен Ынның өлгенін хабарлаған.
Ал, бірнеше сағат бұрын "Шукан Гендай" деген жапондық апталық газеттің айтуынша, Солтүстік Кореяның диктаторы жүрекке жасалған операциядан кейін өлім аузында жатыр.
Айта кетейік, кеше Қытай медициналық тобының Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз. Шетелдік ақпарат көздерінің айтуынша, Пхеньянға жіберілген қытайлық мамандар жүрек отасынан шыққан Ким Чен Ынге жеткенде оның өмірін құтқарып қалуға өте кеш болған. Бұған дейін Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын, оның орнына қарындасының келуі мүмкін екенін және Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын хабарлағанбыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір