• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:07:57
Алматы
+12°

Солтүстік Кореяның билеушісі Ким Чен Ынға тиесілі арнайы пойыз курорттық қалашықта байқалған. Спутниктік суреттерді Вашингтондағы Солтүстік Кореяның бақылау жобасы түсірген. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian және Daily Mirror ақпараттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Мониторинг жобасының сенбіде жасаған хабарламасына сәйкес, пойыз 21 сәуір мен 23 сәуірде Вонсандағы «көшбасшылық станцияда» тұрақтаған. Станция Ким отбасының пайдалануына арналған.

Осыған байланысты, кейбір шетелдік БАҚ Солтүстік Корея басшысының көпшілік алдында пайда болуы мүмкін екенін жазды. Ал, кейбір басылым отбасылық пойыздың суреті Ким Чен Ынның денсаулығының жағдайы мен қайда екенін анықтай алмайтынын айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ким Чен Ын Пойыз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір