26 Сәуір, 2020 Саясат
The New York Times Post
Солтүстік Корея қарулы шабуылдарға дайындалатын негізгі күштерінің жаттығуларын арттыра түсті, – деп жариялады Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Times Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ким Чен Ын елі жақында осындай белсенділікті, соның ішінде әуе күштерінің ұшу жаттығуларын күшейте түскен.
– Солтүстік Корея көбінесе артиллериялық және әуе күштері ұшақтарының жауынгерлік даярлығы үшін инспекциялық іс-әрекеттерді күшейте түсті, – деді Оңтүстік Корея әскери өкілі.
The New York Times Post-тың жазуынша, Солтүстік Корея бейбіт келіссөз жүргізулерден бас тартып, керісінше, қару-жарақтарын сынауды күшейтіп жатқан көрінеді.
Өткен аптада әскери күштер шығыс жағалауда кемеден-кемеге бағытталған круиздік зымырандарды атқан.
Сол күні соғыс ұшақтары мен МиГ типті ұшақтар Вонсан қаласының әуе кеңістігінде ұшырылған.
Шығыс теңізге бірнеше зымыран атылған.
Солтүстік Корея басшысының тосыннан жоғалып кетуіне тұспа-тұс келген Пхеньянның бұл әрекеті Сеулді алаңдатып жатқан көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын жүрек отасынан көз жұмғаны жайында ақпарат пайда болды. Көп ұзамай, оның отбасылық пойызының спутниктік суреті жарияланды. Кеше Қытай медициналық тобының Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз. Сонымен бірге, Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын, оның орнына қарындасының келуі мүмкін екенін және Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын хабарлағанбыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір