26 Сәуір, 2020 Саясат
The Guardian
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Чун-ин Мун Корей Халық-Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның «тірі және сау» екенін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Корея шенеунігі Fox News-ке берген сұхбатында Ким Чен Ынның Вонсан куротында екенін мәлім етті.
Оның сөзінше, Солтүстік Корея басшысы теңіз жағалауындағы демалыс үйінде. Ол Кимнің өлгені туралы хабарларды жоққа шығарды.
– Біздің үкімет Ким Чен Ынның тірі және аман-сау екенін сеніммен айта алады, – деді Чун-ин Мун Fox News радиосына.
– Ол 13 сәуірден бері Вонсан аймағында. Осы уақытқа дейін күдікті жағдайлар анықталған жоқ, – деді президент кеңесшісі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір