• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:31:36
Алматы
+35°

Композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев елде төтенше жағдай режимінің 11 мамырға дейін созылуына байланысты халықты сабырға шақырды.

– Мен президенттің айтқан сөзіне әр уақытта қосыламын. Бұл қауіпті індет Еуропаны да, Азияны да жаулап алды. Дегенмен барлық ел карантин режімін қатаң сақтануының арқасында індеттің таралуы сейіліп келе жатқан сияқты. Енді аздаған уақыт қалды, 15 күн. Менің халыққа айтарым қырқына шыдап, қырық біріне шыдаса деймін, – деді А. Қоразбаев.

Композитор барша қазақстандықтарды осындай қиын сәтте шыдамдылыққа шақырып, үй карантинінде болуды сұрады.

– "Өз үйім – өлең төсегім" деп үйде жата тұрайық. Қазақ – шыдамды, ақылды, кемеңгер халық. Ел басына қиындық туғанына қарамай үкімет халыққа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем тағайындағаны баршамызға мәлім. Бұл жетім-жесірлерге, табысынан айырылған азаматтарға үлкен көмек болды деп ойлаймын. Кеше менің шәкірттерім хабарласып жағдайы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз еткенін жеткізді. Осындай қиын шақта қолдау көрсеткен азаматтарға ағысымды айтамын, – деді композитор. 

Халық әртісі сөз соңында халыққа телеарналардан көрсетіліп жатқан түрлі бағдарламаларды қарауға және бала-шаға, бәйбішенің қасында шыдамдылық танытып, сабыр сақтап отыруға шақырды. 

Нұрсұлу Темірханқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір