• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:37:18
Алматы
+35°

Дүйсенбіден бастап Германияның көп бөлігінде қоғамдық көліктерде және дүкендерде бетперде кию міндетті болады. Кейбір аймақтарға бұл ережені бұзғандарға айыппұл салынады. Бұл туралы Қамшы тілшісі шетел басылымдарына шолу жасап хабарлайды.

Германия өткен апта пандемияға қатысты кейбір шектеу шараларын алып тастады. 800 шаршы метрден аспайтын дүкендерді қайта ашуға рұқсат етілді. 

CNN және NPR ақпараты бойынша, Германияда бетперде кимегендер үшін 15 еуродан 5000 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал британиялық The Sun газетінің жазуынша, айыппұл 10 000 еуроға дейін болады. Алайда ереже Германияның федералды аймақтарында әр түрлі. 

Германия коронавирус тіркелген жағдайлар саны бойынша әлемде бесінші орында. Германияда азаматтарға екі адамнан көп жиналуға болмайды. Сондай-ақ көпшілік шараларды болдырмайтын қатал әлеуметтік ережелер енгізілуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір