• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:41:33
Алматы
+35°

Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің екінші айға қашан берілетіндігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші айға арналған әлеуметтік төлем қазақстандықтардың есепшотына бірінші төлем түскен күннен кейін бір айдан соң түседі. Яғни, 42 500 теңге төлемді сәуір айының 11-де алған азаматтар мамыр айының бірінші онкүндігінде екінші төлемге қол жеткізеді, – деп түсіндірді Агенттік тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Төтенше жағдайдың алғашқы айы үшін төлемді алғандар қайтадан өтінім білдірмейді. Оларға 42500 теңге автоматты түрде түседі. Ол үшін алғашқы төлемге өтінім 15 сәуірге дейін жіберілген болуы керек.

Соңғы дерек бойынша 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем 4 млн 251 мың адамға тағайындалған. Оның 3 млн 731 мыңы алғашқы айда, 520 мыңы екінші айда тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір