• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:33:29
Алматы
+35°

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 1,6 миллионнан астам несие алушы қарыздарының мерзімін кейінге шегерген. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

"ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалу мониторингін жалғастыруда. 2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді" делінген хабарламада.

Осы орайда 1 661 232 жеке тұлғаның 237,4 млрд теңгесі немесе қарыз алушылардың 31,3 пайызы бойынша төлемді тоқтата тұру мақұлданды. Оның ішінде 299 363-і халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының өкілі.

"Сонымен бірге, 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1 пайызы несие мерзімін кейінге шегерді. Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешім қабылданады" деп аталып өткен хабарламада.

Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға, сондай-ақ 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешегі бар.

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қашықтан 564 615, Kaspi Bank – 358 884, Forte Bank АҚ – 26 745, «Банк Центр кредит» АҚ - 25 258 төлем карточкасын ашқан.

«Қазпочта» АҚ 88 397 төлем карточкасын үйге жеткізіп берген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан несие

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір