• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:52:38
Алматы
+35°

Бұл  туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді.

 «Нұрлы жер» бағдарламасы.

2020 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 349 мың ш.м. (өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 94,7%, 2019 жылы 369 мың ш.м.) тұрғын үй қолданысқа берілген. Салынып жатырған тұрғын үйлердің негізгі бөлігін ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңында 1 млн. 200 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама:

жеке тұрғын үй – 238,332 мың шаршы метр;

көпқабатты тұрғын үй – 111,103 мың шаршы метр.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 22,4 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 101,2% құрады.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 28,9 млрд. теңгені құрапы, нақты көлем индексі 101% болды.

Бағдарламаның орындалуына 2020 жылы республикалық бюджеттен 10,1 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 679,6 млн. теңге толықтай игерілді.

Жалпы бұл бағдарлама бойынша іске асырылып жатырған жобаларда 925 уақытша және 50 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

          Соның ішінде, жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 2,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 29,5 мың ш.м. құрайтын                      504 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысына және 67 пәтер сатып алуға жұмсалады. Жыл соңында 19,5 мың ш.м. құрайтын 352 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысы аяқталады және 4,0 мың ш.м. құрайтын 67 пәтер сатып алынады (пайдалануға берілетін 419 пәтердің                 215 пәтері көпбалалы отбасыларға беріледі). Бұл бағытта 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жоспарланған 277 млн. теңге толықтай игерілді.

  1. Форт-Шевченко қаласында 48 пәтерге арналған 2,874 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.
  2. Форт-Шевченко қаласында 16 пәтерге арналған 0,962 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.
  3. Ақтау қаласында 19а шағынауданында 144 пәтерге арналған 7,847 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.
  4. Қарақия ауданы Жетыбай селосындағы 144 пәтерге арналған 7,8 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй. 2020 жылы аяқталады.
  5. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосынан 67 пәтерге арналған 4,020 шаршы метрді құрайтын бастапқы тұрғын үйлерден пәтерлер сатып алу.
  6. Мұнайлы ауданы Батыр селосындағы 80 пәтерге арналған 6,1 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы. 2021 жылға өтпелі.
  7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 72 пәтерге арналған 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы. 2021 жылға өтпелі.

Несиелік тұрғын үй құрылысына (облигациялық қағаздарды шығару есебінен) ағымдағы жылы 4,0 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бұл бағыт бойынша 1282 пәтерге арналған 86 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі. Жыл соңында 627 пәтер немесе                          45 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.

  1. Ақтау қаласында 670 пәтерге арналған 53,438 мың шаршы метрді құрайтын «Аққу-3» тұрғын үй кешенінің 447 пәтерге арналған 35,625 мың шаршы метрді құрайтын 2 бөлігі пайдалануға беріледі. 1 бөлігі 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында пайдалануға беріледі.
  2. Ақтау қаласында 18 шағынауданда 180 пәтерге арналған 10,150 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.
  3. Ақтау қаласында 19а шағынауданында 432 пәтерге арналған 22,434 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер 2021 жылдың 1-ші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысына 5,0 млрд. теңге көлемінде қаржы несиелік тұрғын үй құрылысына қаралған, бұл қаржыны мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде іске асыру жоспарланып отыр.

Анықтама: қызуғышылық танытып отырған 2 құрылыс мекемесі жобаларымен дайын.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржы 10 нысан құрылысына бағытталады. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 402,6 млн. теңге толықтай игерілді.

  1. «Ақтау қаласының Шығыс-2 шағынауданында су және кәріз жүйелерінің құрылысы»
  2. Құрық селосынан жаңа бөлінген жер телімдеріне ток жүйесінің құрылысы
  3. Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы жаңадан салынатын тұрғын уйлерге электр желісі құрылысы
  4. "Шығыс-3 шағынауданында ішкі шағынаудандық инженерлік желілер құрылысы (электрмен жабдықтау)"
  5. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Бегей тұрғын үй алабын және Ақшұқыр селосын (І кезек) газбен жабдықтау құрылысы
  6. Ақтау қ. 18 шағынауданында ішкі шағынаудандық инженерлік желілер құрылысы (электрмен жабдықтау)
  7. Ақтау қаласының 19а ықшамауданының ықшамаудан ішінде инженерлік желілерді салу. Электрменжабдықтау
  8. Ақтау қаласының 16 шағын ауданында инженерлік желілердің құрылысы (электрмен қамту)
  9. Ақтау қаласының 19 шағын ауданындағы инженерлік инфрақұрылым құрылысы. Электрмен жабдықтау бөлімі
  10. Ақтау қаласының (16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35) жаңа ықшамаудандарында газ тарату желілерін салу

Өңірімізде пайдалануға беріліп жатырған тұрғын үйлердің 50%-ға жуық көлемі көпқабатты коммерциялық тұрғын үйлер болып табылады.

Әкімдік тарапынан облыс орталығының бас жоспарына сәйкес жаңа аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір