• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:15:26
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамптың ойынша, Бейжің қараша айында өтетін президенттік сайлауда оның жеңілгенін қалайды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президентінің айтуынша, оны қараша айында қайта сайлану құқығынан айыру үшін қытай билігі "қолынан келгеннің бәрін істейді".

– Оның бір дәлелі – қытайдың коронавирусты қолдануы, – деді Трамп.  

Трамп күздің соңында болатын президенттік сайлауға Бейжіңді алғаш рет байланыстырды.

– Қытай мені осы бәсекеден айыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды,– деді ол. Трамптың ойынша, Бейжің демократтардың кандидаты Джо Байденнің сайлауда жеңіске жетуін қалайды. 

27-28 сәуірде өткен Reuters / Ipsos сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың 43%-ы Трамптың пандемия саясатын қолдаған.

АҚШ президенті Reuters агенттігіне берген сұхбатында демократ қарсыласы Джо Байденнің президенттікке үміткерлер арасында көш бастап тұрғанын көрсететін сауалнамаларға сенбейтінін айтты.

– Мен сауалнамаларға сенбеймін. Мен бұл елдің халқы ақылды деп санаймын. Олар қабілетсіз адамды сайлайды деп ойламаймын, – деді Трамп.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір