• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:49:43
Алматы
+12°

АҚШ-тың жалауын көтерген екі кеме соңғы 48 сағат ішінде әскери-теңіз күштерінің навигациялық операциялары аясында даулы Спратли аралдары арқылы жүзіп өтті. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың USS Barry зымыран жоюшы кемесі даулы Паракел аралдарын аралады, оны  USS Bunker Hill әскери ұшақ таситын соғыс кемесі қадағалады.

Америка әскери күштерінің аймақтағы күшеюі Қытайға тікелей қауіп ретінде қарастырылып отыр.

Қытай билігі АҚШ-ты "халықаралық заңдарды елемеді", "Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздік мүдделерін елеулі түрде бұзды" және "арандатушылық әрекеттер жасады" деп айыптады.

Осы айдың басында Қытайдың ғаламдық теледидар желісі Бейжің Оңтүстік Қытай теңізіндегі екі даулы аралға бақылау орнатқанын хабарлаған.

Қытай мен оның көршілес елдері Бруней, Малайзия, Филиппин, Тайвань және Вьетнам арасында даулы шекаралар мен аймақтар бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір