• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:26:26
Алматы
+35°

4 мамыр күні ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттары туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды", делінген комиссия таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 2 мамырда Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы Президенттің жарлығы жарияланған болатын.

Тағы оқыңыз!

♦ Дариға Назарбаеваның өкілеттігі неге тоқтатылды?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір