• USD 402.37
  • EUR 449.81
  • RUB 5.86
  • CNY 56.67

04 Мамыр, 2020 NEWS

Бүгіннен бастап кімдер жұмыстарын жандардырды?

buro247.kz

Бүгін, 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде бірқатар кәсіпкерлік субъектілері жұмысқа кірісті:

♦ аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

♦ фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

♦ шаштараздар (жазылу бойынша);

♦ медицина орталықтары (жазылу бойынша);

♦ стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

♦ жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

♦ шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

♦ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сондай-ақ бүгіннен бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етілді. 

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданды.

Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір