• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

04 Мамыр, 2020 Саясат

Майк Помпео: Коронавирустың Ухань зертханасынан шыққанына көп дәлелдер бар

FT

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жексенбіде коронавирустың қытайлық зертханада пайда болғаны туралы "айтарлықтай дәлелдер" бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Помпео ABC басылымына: "коронавирустың Уханьдағы зертханадан шыққанына көп дәлел бар" деді.

– Әзірге ең жақсы сарапшылар оны қолдан жасалған деп ойлайды. Менің бұған сенбеуге ешқандай негізім жоқ , –  деді Помпео. Сұхбат алушы АҚШ-тың барлау органдарының тұжырымы олай емес екенін айтқан кезде, Помпео: "Мен барлау қауымдастығының айтқанын көрдім. Мен оларды қате жіберді деп те сене алмаймын" деді. 

Өткен бейсенбіде АҚШ-тың тыңшылық агенттігі вирустың антропогендік немесе генетикалық түрлендірілгенін жоққа шығарған. Помпеоның мәлімдемесі оған қайшы келді. Ал, Дональд Трамптың кейбір жақтастары "қастандық теорияларын" құптайды. Олар коронавирусты Қытай үкіметінің биологиялық қару зертханасында жасалған деп санайды.

 

Ілмек сөздер: Помпео Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір