• USD 410.7
  • EUR 465.28
  • RUB 5.8
  • CNY 58.81

05 Мамыр, 2020 NEWS

ҚР Президенті: Ұлттық қа­уіпсіздік – тілімізді қадірлеуден басталады

Inform.kz

Тіл – ұлттың тұғы­ры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты.

– Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек. Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қор­ғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғам­дағы татулық пен келісімді, береке-бір­лікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғы­ры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады,  – деді Президент.

Сондай-ақ, Президент "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасындағы кемшліктер туралы да айтты.

– Бүгінде цифрлы технологиялар қар­қынды дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласына дендеп еніп келеді. Біз осы үрдіске баса мән беріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманның басты талабы. Мұны коронавирус індетіне байланысты туындаған күрделі кезең анық аңғартты. Менің тапсырмам бойынша Үкімет "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында анықталған кемшіліктерді ескеріп, қайта қарайды. Цифрландыру үдерісі елімізді өркендетуге тың серпін беретіні сөзсіз. Оның мән-маңызы арта бермек, – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ілмек сөздер: Мемлекеттік тіл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір