• USD 408.61
  • EUR 454.09
  • RUB 5.86
  • CNY 57.28

05 Мамыр, 2020 NEWS

Алматыда коронавирус инфекциясына 2 мыңнан астам тест өткізілді

Көрнекі сурет

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтің қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сәуір айында коронавирустық инфекцияны жұқтыру деңгейі тәулігіне 6%-дан аспағандықтан, қала экономикасын кезең-кезеңімен қалпына келтіру стратегиясын іске асыру басталды.

Алматы қаласының карантиннен қауіпсіз шығуына жағдай жасау үшін сәуір айының басынан бастап карантин жағдайында мегаполистің өмір сүруін қамтамасыз ететін санаттағы халықтың тәуекел топтарын жаппай тестілеу басталды.

Бүгінгі күні қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алматыда барлығы 1353 коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар тіркелген. Оның ішінде 92% қауіпті топ өкілдері ауқымды профилактикалық тестілеу барысында анықталды.

Соңғы 7 күнде алматылықтардың жұқтыру динамикасы 6% деңгейінде.

Ауырғандардың нақты саны мегаполис тұрғындарының жалпы санының 0,06% құрайды.

Ауқымды тестілеу инфекцияның жасырын ошақтарын анықтауға және барлық қала бойынша жұқтырудың жаңа тізбегіне жол бермей, ошақтарды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының алдында зерттеулер санын күніне 3 мың тестке дейін жеткізу міндеті тұр. Жалпы, бүгінгі күні Алматыда қаланың алты зертханасы коронавирусқа 2 мыңнан астам тест өткізіп жатыр. Жеделдік үшін 10 мобильді медициналық бригада жұмыс істейді. Нәтижелерді растау жылдамдығы халықты ПТР диагностикасымен қамту арқылы 2,5 есеге артты, белсенді анықтау жолға қойылды. Зертханалар санын 6-дан 8-ге дейін ұлғайту, сондай-ақ олардың қуатын арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Бүгін Алматыда профилактикалық скрининг аясында екі инфекция ошағы анықталды. Дәрігерлер мен құқық қорғау органдары арасында барлық ошақтар оқшауланды, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды.

– Статистиканың өсуінен қорқудың қажеті жоқ, ол тұрғындардың үлкен контингентін тестілеу бойынша қарқынды жұмыстың көрсеткіші болып табылады. Бүгін Алматыда барлығы 77 мың тест өткізілді, оның ішінде 55 мың ПТР және 22 мың экспресс-тест. Контингенттің арасында негізінен медицина қызметкерлері (19 мың), жедел жәрдем, құқық қорғау органдары мен т.б. қызметкерлері бар, – деп атап өтті Ж. Бекшин.

Өз кезегінде, Әбілдаев Алматыда CОVID-19-дан бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 1135 науқас емделіп жатқанын хабарлады. Бір пациенттің жағдайы өте ауыр, 34 – ауыр, 289 – ауырлығы орташа және қалғандары – қанағаттанарлық. Ауруханаға жатқызылғандар санынан ауыр науқастар саны соңғы уақытта көбейген жоқ.

Медициналық бақылауда 12 665 алматылық, оның ішінде 312 – провизорлық стационарларда, 345 – карантиндік госпитальдарда, 12 008 азамат – үй карантинінде.

Алматыда коронавирустық инфекциядан 210 адам сауығып шығарылды. Ағымдағы жылдың 4 және 5 мамырында стационарлардан 51 адам шығарылды, оның ішінде 28 байланыста болғандардан және 23 медицина қызметкері.

– Алматыда кеңейтілген контингентті жаппай тестілеу аурудың ерте сатысында айтарлықтай мөлшерде жұқтырғандарды анықтауға мүмкіндік берді. Мегаполисте COVID-19 дер кезінде анықталуының дәлелі науқастардың 77% қанағаттанарлық жағдайда және олардың ауруы симптомсыз жеңіл түрде өтеді. Бұл емдеуді жеңілдетеді, өйткені біз жағдайды шегіне дейін жеткізбейміз, – деді Т. Әбілдаев.

Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Барлық қалалық жұқпалы және провизорлық ауруханаларда бөлмелерді "таза" және инфекцияланған аймақтарға бөлу қағидаты сақталады. Медицина қызметкерлерін әртүрлі аймақтан қиып өтуге жол берілмейді.

Сондай-ақ барлық медициналық мекемелерде желдету және бейнебақылау жүйесі қадағалауға алынды. Жауапты қызметкерлер медициналық қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын дұрыс кию хаттамасын сақтауын қадағалайды. Жеке қорғану құралдарын кию алгоритмін сақтау бойынша тұрақты сабақтар өткізіледі. Барлық мұқтаж науқастар ҚР ДСМ емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір