• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:10:09
Алматы
+35°

"Сәрсенбі күні Қазақстан коронавирустың таралуы баяулағанын мәлімдеді" деп жазды канадалық Reuters ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

–Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы екі апта ішінде расталған жаңа жағдайлардың күнделікті өсуі шамамен 7% деңгейінде болды. Алайда, соңғы үш күнде ол 4% -дан төмен болған,–деп жазды Reuters. 

Канадалық ақпарат агенттігі "Қазақстан наурыз айының ортасында төтенше жағдай жариялап, коронавирустың таралуын тоқтату үшін шектеу шараларын бастаған. Нәтижесінде бүгінге дейін 4298 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі, олардың 29-ы көз жұмды" деп мәлімдеді.

–Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айда коронавирустың жаңа жағдайлары байқалмаса, төтенше жағдайды 11 мамырға дейін болатынын жариялаған. Пандемия Қазақстандағы Теңіз кен орнын кеңейту сияқты кейбір ірі жобаларды баяулатумен бірге, мұнай бағасын төмендетті. Оның салдары Қазақстан билігін 14 миллиард долларлық ынталандыру пакетін енгізуге итермеледі" деп жазды канадалық ақпарат агенттігі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Канада Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір