• USD 408.61
  • EUR 454.09
  • RUB 5.86
  • CNY 57.28

06 Мамыр, 2020 NEWS

Ғани Майлыбаев туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Майлыбаев Ғани Айдарұлы облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғани Майлыбаев 2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін (бакалавр) қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы осы университетті «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының «Аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, бас есепшісі болып бастаған.

2010 жылдан 2013 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының заңгер-кеңесшісі, 2013 жылдан 2014 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының кеңесшісі, 2014 – 2015 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2015 – 2019 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың сәуіріне дейін – Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір