• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:19:09
Алматы
+35°

Қазақстандағы шаштараздар екі күннің ішінде 52,3 млн теңге табыс тапқан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қызметті қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 млн теңгені құрап, 15 мыңнан астам чек берілді. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады. 2 күндегі 1,7 млн теңге сомасындағы ең көп кірісті Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері көрсетті. Екінші орында – табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында – Шымкент қаласының кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңгені құрады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастаған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шаштараз Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір