• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:13:52
Алматы
+35°

07 Мамыр, 2020 NEWS

42500 теңгені екінші рет кім алатыны айтылды

Кеше, 6 мамырда көптеген қазақстандыққа 42500 теңге екінші ай үшін түскен

Көрнекі сурет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем екінші мәрте қалай берілетіні туралы ақпараттық хабарлама жарияланды.
 
Министрлік мәліметіне сай, алғашқы ай үшін 42500 теңге алуға 16 сәуірге дейін өтінім білдіргендерге төлем екінші ай үшін автоматты түрде түседі. 
 
Төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілген. Төлемді есептеуде бірінші ай үшін 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы алынды. Төтенше жағдайдың екінші айы 16 сәуірден 11 мамырға дейін созылған. Сондықтан төлем екінші ай үшін де төленеді.
 
Ол үшін ешқайда құжат тапсырудың қажеті жоқ. Төлем алғашқы ай үшін алғандарға автоматты түрде түседі.
 
Кеше, 6 мамырда көптеген қазақстандыққа 42500 теңге екінші ай үшін түскен.
 
Әлеуметтік төлемді әлі алмаған азаматтар 42500.enbek.kz сайты арқылы өтінім білдіре алады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір