• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:26:54
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық қеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Мемлекет басшысы қол қойған "Ардагерлер туралы" Заңға қатысты пікір айтты, деп ҚазАқпарат хабарлады.

– Бұл заң Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қабылдануы символдық мәнге ие. Бұл құжат ардагерлер санатына енген адамдар үшін кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтыды. Осы орайда бұған дейін түрлі заңдарда қарастырылған кепілдіктер мен жеңілдіктердің барлығы шоғырланды, –  деді Б. Ізмұхамбетов .

Ол осы бағытта заңнаманы ары қарай жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.

– Бұл заңмен осыған дейін қарастырылмаған жеңілдіктер мен жәрдемақылар түрлі санаттар үшін ескерілді, –  деді депутат.

Сонымен қатар ол заң Үкімет мүмкіндіктерін ескере отырып қабылданғанын атап өтті. Осындай заңнаманы қабылдау бұрыннан қарастырылғанына тоқталған Б. Ізмұхамбетов "Заң барлық тиісті инстанциялардан өтіп, оған Президент қол қойды. Осы маңызды құжаттың қабылдануымен барша ардагерлерді құттықтаймын!" деді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 30 сәуір күні Парламент Сенатының жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" Заңы қабылданды.

Заң жобасының негізгі мақсаты – ардагерлерді әлеуметтік қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерді жүйелеу, қайта қарау және ардагерлердің жаңа санаттарын қалыптастыру.

Сонымен қатар, жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе Заң екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Оны әзірлеу қажеттілігі бірқатар заңнамалық актілерді "Ардагерлер туралы" заң жобасына сәйкес келтірумен байланысты. Негізгі жаңа өзгерістер әлеуметтік төлемдерге қатысты болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір