• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:20:04
Алматы
+35°

"Air Astana" әуекомпаниясы 12 мамырдан бастап Қазақстанның облыс орталықтарына тұрақты рейстерді қайтадан орындай бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады

"12 мамырдан Ақтөбе және Қызылордаға Алматыдан, ал 13 мамырдан Нұр-Сұлтаннан қатынайды. Сондай-ақ, 13 мамырдан Алматыдан, ал 14 мамырдан Нұр-Сұлтаннан Өскеменге рейстер орындалады", делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

"Рейстер Airbus A320/A321" және "Embraer E190-E2" ұшақтары арқылы орындалады. Басқа қалалардағы әуежайлар ашылғаннан кейін, осы қалаларға рейстер іске қосылады.

11 мамырда Нұр-Cұлтан мен Алматы қалаларынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған қалаларына әуе қатынастары жанданады.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Air Astana Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір