• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:53:35
Алматы
+35°

Ардагер Иван Абдулов соғысқа қаршадай бала кезінен қатынасқан.

Балалар үйінде тәрбиеленген ол 11 жасында ол жақтан қашып, майданға сұранып барған.

Жасөспірім Панфилов дивизиясына тап болып, әйгілі Бауыржан Момышұлымен бірге екі фронтта жаумен соғысқан. Мәскеуді қорғауда, Курск доғасы шайқасында Бауыржан Момышұлымен бірге ұрыс даласында жауға қарсы шапқан.

Артынша 274-полкке ауыстырылып, ол жерде соғыстың соңына дейін жүрген.

Майданда екі рет жараланып, бір рет контузия алған.

Соғыстан кейін әскери училище мен ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғары мектебінде оқыған. Қызмет бабы бойынша әлемді шарлап, түрлі шиеленіс нүктелерінде болған. Кубаға жолы түсіп, Фидель Кастромен жолыққан.

Жастайынан қан майданды көріп, қызмет бабы бойынша жер жаһанды аралаған ардагердің түйгені көп.

– қазақстандықтарға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін. Ең бастысы осы. Қалғаны ретімен болады, – дейді Иван Абдулов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жеңістің 75 жылдығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір