• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:57:31
Алматы
+35°

18 жасында соғысқа аттанған Көлбай Әнәпияұлы өткен ғасырдағы көрген қиындықтарын еске алып, ендігәрі мұндай нәубеттің қайталанбайтынына тілектестік білдірді.

Көлбай Әнәпияұлы 1926 жылы 13 маусымда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сұрат ауылында дүниеге келген. Ардагерге 1944 жылы соғысқа шақырту келіп, Семей қаласында полктағы соғыс тәсілін үйрену үшін 6 ай оқу-жаттығу жиынында болған. Екінші Беларусь майданы 12-гвардия дивизиясының 197-полкінде минометші болып соғысқа қатысқан.

– Соғыста өзіммен бірге 2 қазақ ғана болды. Сұрапыл соғыс өте қиын болды. Снарядтар, бомбалар жарылғанда қатты құлап түскенім есімде, Алланың қалауымен еліме аман-есен оралдым. Жеңісті қарсы алған сәттегі қуаныш жадымда мәңгілікке ұмтылмастай жатталып қалды, – дейді К. Әнәпияұлы.

Ардагер барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 75-жылдығымен құттықтап, қаржылай көмек көрсетіп жатқан үкіметке алғысын айтты.

– Ұлы жеңістің 75-жылдығы құтты болсын. Елімізде тыныштық болсын, Қазақ елі аман болсын. Наурыз айында басталған қауіпті індетке қарамастан үкімет тарапынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көптеген қаржылай көмек көрсетіліп, сыйлықтар беріліп жатыр. Осы тұста бізді елеп-ескеріп, құттықтап жатқандарына алғысым шексіз! Алланың қалауымен қазіргі уақытта балаларымның, немерелерімнің қамқорлығының арқасында өмір сүріп жатырмын. Баршаңызға көп рақмет!, – деп ардагер алғысын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір