• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:10:47
Алматы
+35°

1941 жылы кеңес әскеріне шақырылған соғыс ардагері Жұмаділ Абдыгаметов Қамшы тілшісіне өзінің басынан өткен оқиғасын айтып берді.

Жұмаділ Абдыгаметов 1923 жылы 10 мамырда Алматы облысы Балқаш ауданы Топар ауылында дүниеге келген.

– 1939 жылы Алматыдағы балалар интернатын бітіріп, 1941 жылы совет әскеріне шақырылдым. Содан онда бір жарым жыл әскери дайындықтан өтіп 1942 жылдың аяғында Бірінші Украина фронтына қатыстым содан Брянский фронтта барлаушы болып соғыстым. Соғыста біздің қазақстандықтардан 2-есе адам мерт болды. Соның бәрін мен "Батыр" деп есептеймін, – деді Жұмаділ Абдыгаметов. 

Майдангер 1943 жылы екі солдат болып 13 немісті тұтқынға түсіріп "За Отвагу" орденімен марапатталады. Артынша "За Польшу", "За Прагу", "За Берлин" медальдарымен марапатталған. 1945 жылы соғыс біткен соң, тағы екі жыл совет әскерінде болып, 1947 жылы Өжет ауылына оралып, совхозда жұмыс істеп, отбасын құрған.

Сөз соңында ардагер барша қазақстандықтарды мерейтоймен құттықтап, бүгінгі бейбіт өмір майдан шебінде Отан үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлердің арқасы екенін атап өтті. 

– Бейбіт өмірде тек жақсылық болсын. Барша Ұлы Отан соғысы ардагерлерін 75-жылдық мерейтоймен кұттықтаймын. Біздің балаларымыз өсіп-өнсін. Еліміз аман болсын, соғыс болмасын, көк аспанда көк туымыз желбіреп тұра берсін!, – деп ақ тілегін білдірді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір