09 Мамыр, 2020 NEWS
almaty.tv
Алматыда мейрамға қарамастан, дезинфекция жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы күні залалсыздандыру жұмысының 13-кезеңі аяқталуға жақын. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін мамандар Құлагер ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерге дезинфекция жасады. Негізі Жетісу ауданын 6 бөлікке бөліп, бекітілген кесте бойынша тазаланады. Мейрам күнгі жұмысқа 4 дезинфектор кірісті. Олар күніне 2 мың 500 литр арнайы қоспаны шашып шығады. Ал аптасына 15 мың литр дәрілік препарат жұмсалады.
– Бүгін мен алматылықтарды 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын. Жеңіс Мейрамдарға қарамай, біз залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бүгінгі Жетісу әкімдігінің берген кестесі бойынша Құлагер ауданындағы 30 үйге дезинфекция жұмыстарын жүргіземіз, – деді Жетісу ауданы бойынша дезинфекция жұмысының бригадирі Әсет РАҚЫШОВ.
Айта кетейік, келесі аптада 14-кезең басталады. Қалада бас-аяғы дезинфекцияның 16 айналымын жасау жоспарланып отыр. Алматы бойынша 13- кезеңді аяқтауға 64 бригада жұмылдырылды. Нәтижесінде, 7268 подьезд, 1345 аула тазаланды. Бұл жұмысқа 74 мың литр арнайы сұйықтық жұмсалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір