• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:56:31
Алматы
+35°

Иран теңіз күштері бір әскери кемені атып, суға батырып жіберді, ондаған теңізші қаза тапты. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті журналистердің мәліметінше, Иран әскери күштері жаңа зымыранды сынап жатқанда зымыран кемеге тиген.

Иранның жартылай ресми Fars агенттігі бір теңізші қаза болып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады. Британиялық The Guardian-ның мәліметі бойынша оқиғадан кем дегенде 19 адам өліп, 15 адам жараланған. Ал, кейбір ақпарат құралдары кемедегі 40 адам іздестіріліп жатқанын жазды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода зардап шеккен теңізшілердің жедел жәрдем көліктеріне  жіберілгені көрінеді.

Айта кетейік, қаңтарда Тегеранға жақын маңда Иран күштері украиналық жолаушылар ұшағын "қателесіп атып", борттағы 176 адам қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран Кеме

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір