• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:56:55
Алматы
+35°

Алматыда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай іске қосылған еске алу және алғыс айту акциясы әлеуметтік желілерде қарқын алды. Бұл туралы almaty.tv хабарлайды.

«Каникулы Off-Line 2» фильмінде ойнаған қазақстандық жас актер Айбар Таңғыт өзінің Instagram парақшасында #ҰлыДалаБатырлары челленджін іске қосты.

Жас актер өзінің атасы 391-ші атқыштар дивизиясы әрі 1024-ші атқыштар полкінің жауынгері Қазкен Тыштықбаевтың әскери ерліктері туралы айтып берді.

Бұл челлендж тек Ұлы Жеңісті ғана емес, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиған батырларымызды да ұмытпауға үндейді.

«Аталған акцияға бірқатар қазақстандық танымал адамдар қолдау білдірді. Олардың арасында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Сәдуақасова, актер, режиссер және продюсер Санжар Мәдиев, бизнесмен Бейбіт Әлібеков, спортшы Алдияр Әлібеков, әнші Әлішер Каримов, актриса Дина Тасболатова, артист әрі сиқыршы Мұрат Мұтырғанов, актриса Бибігүл Ақтан, актер Ермек Тұрғанбек, «BestBrothers» музыкалық тобы, сондай-ақ жас жұлдыздар: актер Бекет Мүкенев, иллюстратор Ханифа Мағжан, актриса, журналист әрі блогер Аружан Хафиз, модель Кристина Кириченко, актер Айбат Олжатай және тағы басқалар бар», делінген хабарламада.

Жоба қатысушылары сондай-ақ, халық жадындағы батырлардың ерліктерін мәңгі есте қалдыру үшін бәрімізді осы қатарға қосылуға шақырды. Соғыс қаһармандары біз үшін отаншылдық пен адалдықтың, адамгершілік пен абыройдың биік үлгісі. Осынау рухани құндылықтарды сақтау және ардагерлерімізді мейірім мен қамқорлыққа бөлеу аса маңызды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір