11 Мамыр, 2020 NEWS
BBC
Нигерияда қарулы шабуыл болып, ондаған адам көз жұмды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше қаруланған адамдар Нигерияның бірнеше ауылына шабуыл жасап, кем дегенде 20 адам қаза тапқан.
Тиллани аймағының губернаторы Тиджани Ибрахим Катиелланың айтуы бойынша мотоцикл мінген белгісіз топ дүкендерді тонап, мал ұрлап, ауыл тұрғындарына оқ жаудырған.
2017 жылдан бастап Мали, Буркина-Фасо және Бенинмен шектесетін Тиллабери қаласында осындай оқиғалар көп орын алған.
Куәгерлер бұқаралық ақпарат құралдарына соңғы шабуыл жергілікті уақыт бойынша шамамен 16: 00-де болғанын айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір