• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:26:40
Алматы
+35°

Қолжетімді тұрғын үй құрылысы экономиканы дамытып, жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және әлеуметтік қолдау факторына айналады. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты.

– Елбасы бастамасымен жүзеге асқан 7-20-25 бағдарламасы ипотека бойынша несиелеу мен тұрғын үй құрылысына үлкен серпін берді. Үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін жаңа жоба – 5-10-20 бағдарламасын іске қосуды тапсырамын. Бұл мақсат үшін 390 млрд теңге бөлеміз. Биыл құрылыс көлімін рекордтық деңгейге жеткізу жоспарланған. 15 млн шаршы метр немесе 150 мың пәтер мен үй тұрғызылады, – деді президент.

Тоқаев тұрғындардың баспана мәселесін шешудің маңызды екенін атап өтіп, институционалдық құрылымды жаңарту қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ президент үкіметке жыл соңына дейін Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің негізінде "Отбасы банк" деп аталатын даму мен қолдаудың толыққанды институтын құруды тапсырды. Ұйым есеп жүргізу, тағайындау, бапананы үлестірумен айналысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір