• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:46:08
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Ақтаудағы бірнеше нысанды аралады. Алдымен жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «IT мектеп – лицейі» мен 29-шағын аудандағы №28 мектептің жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аталған білім ордаларында толықтай демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жасауға мемлекеттің «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша әр мектепте 100 жұмыс орындарынан ашылып, адамдар тартылуда. Екі мектепте үстіміздегі жылдың маусым айында аяқталу жоспарланып отыр. Облыс әкімі жауапты мамандарға білім ордасының жұмыс сапасын үнемі бақылауда ұстауды және уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа көптеп адамдарды тартуды жүктеді.

аьлуа

Сондай-ақ, өңір басшысы 17 шағын ауданда бой көтерген бокс орталығының жұмысымен танысты. 1500 адамға шақталған спорт орталығы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.

Бұдан кейін, аймақ басшысы 1 шағын ауданда құрылысы жүріп жатқан онкологиялық диспансерге барды. Орталық 6 қабаттан тұрады, сыйымдылығы 100 адамға арналған. Қазіргі күні мұнда да құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі толық орындалып отыр. Алда ауруханаға қажетті құрал-жабдықтар орнатылуы тиіс. Нысан жоспар бойынша 2020 жылдың аяғында тапсырылады деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір