• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

11 Мамыр, 2020 NEWS

Ақшұқыр ауылында 600 орындық жаңа мектеп ашылады

qamshy.kz

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Ақшұқыр ауылында құрылысы салынып жатқан 600 орындық мектептің жұмысымен танысты. Жаңа үлгіде салынып жатқан білім ордасының құрылысы 2019 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жүргізуші «Альянс LTD» ЖШС жоспарға сай ағымдағы жылдың маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр. Әкім нысанның сапасына аса мән беруді тапсырды. Бұдан кейін Түпқараған ауданының әкімі Ақшұқыр ауылын абаттандыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндап, бірқатар нысандарды көрсетті. Аймақ басшысы ауданға қарасты С.Шапағатов ауылына да барды. Онда 6 орамға инженерлік инфрақұрылым тарту жұмысымен танысты. С.Шапағатов ауылында сұйыққойма және селоішілік су құбырын салу желілері мен жаңа тұрғын үйлерді газбен қамту құрылысының 2 кезеңі жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін облыс әкімі «АктауАгро» ЖШС құс фабрикасының құрылысымен және су құбырларымен жабдықтау жұмыстарымен танысты. 50 га жерге салынып жатқан құс фабрикасының жалпы құны 1 450 000 000 теңге. Бір мезетте 36 000 құс өсіруге болады. Жоба мақсаты: ауданда қоңды балапандар өсіру, өңдеу, сою және дайын қаптамадағы өнімді нарыққа шығару;

Облыс нарығына жоғары сапалы құс етін шығару;
Шеттен әкелінетін импорттық ет өнімдерін 30% ға қысқарту.
Сондай-ақ, облыс әкімі С.Шапағатов ауылының теңіз жағалауын абаттандыру бойынша салынатын демалыс орнының жобасымен танысты. Кешенінің құны 133 947 мың теңге.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Форт Шевченко қаласының кіреберісіндегі блок бекетке барып, қазіргі ахуалымен танысты. Бекетте медицина, полиция қызметкерлері белгіленген тәртіпке сай күзетшілік жасауда. Облыс әкімі қауіпті вирустан сақтану шараларын бақылауда ұстап, тәртіпті қатаңдатуды, тұрғындармен ақпараттық –түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір