• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

12 Мамыр, 2020 NEWS

Алматыда шектеу шаралары қалай алынады?

ainews.kz

Алматыда 2020 жылдың 11 мамырынан бастап ТЖ режимі аяқталды. Бұл ретте, карантиндік шаралар әлі де жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында шектеу шаралары қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алынатын болады.

Бүгінгі күннен бастап сұлулық салондарының, білім беру орталықтарының қызметі басталады. Олар үшін аудиттен өту міндетті болып табылады, оны өткізуге өтінімдер күн сайын call centre арқылы қабылданады (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, +7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92), сондай-ақ электрондық пошта бойынша (объектілердің орналасқан жері бойынша:
Infoalatau@mail.kz — Алатау ауданы
Infoalmaly@mail.kz — Алмалы ауданы
Infoauezov@mail.kz — Әуезов ауданы
Infobostandyk@mail.kz — Бостандық ауданы
Infozhetysu@mail.kz — Жетісу ауданы
Infomedeu@mail.kz — Медеу ауданы
Infonauryzbay@mail.kz — Наурызбай ауданы
Infoturksib@mail.kz — Түрксіб ауданы)

Аудит өткеннен кейін және оң шешім алғаннан кейінгі келесі қадам осы секторлар компанияларының қызметкерлері infoalmaty.kz сайтында тіркеледі. Білім беру ұйымдарында, сұлулық салондарында жұмыс істейтін және облыста тұратын қызметкерлерді тіркеуге өтінім осы сайт арқылы беріледі.

Сонымен қатар, міндетті түрде аудит өткен жағдайда өнеркәсіп және құрылыс саласындағы объектілердің, жобалау ұйымдарының, сондай-ақ келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысын қайта бастау жалғастырылатынын еске саламыз: «үйге жеткізу», ТҚС, шиномонтаж, автожуу және техникалық қызмет көрсету бойынша автосалондар, кеңсе техникаларын жөндеу және жарнама агенттіктері.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда және аудиттен өтпей жұмысты іске қосу көлік және сақтау, ақпарат және байланыс, қаржы қызметтері саласындағы кәсіпорындар (ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, ломбардтар, айырбастау пункттері), бизнеске арналған кәсіби қызметтер, сондай-ақ кейбір қызмет түрлері: фотосалондар мен гүл павильондары, шаштараздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар жөніндегі компаниялар, баспа қызметі, аяқ киім жөндеу және химиялық тазалау, жуу, азық-түлік емес тауарлар дүкендері 500 ш. м. дейінгі (СО, СОО, СҮ тыс).

Барлық компаниялар жаңа ұсыныстарға сәйкес жұмыс істеуге міндетті. Жұмыс орындарындағы әлеуметтік қашықтық және қатаң санитарлық режим қызметі рұқсат етілген ұйымдар жұмысының міндетті талаптары болып табылады. Бұл ретте, жұмыс орындарында қажетті қызметкерлер саны тікелей жеке кәсіпорындардың басшыларымен өз бетінше анықталатын болады.

Объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігін тексеруді жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатарынан бұрын құрылған мониторингтік топтар жүргізетін болады. ҚР ӘҚБтК 462-бабына сәйкес, белгіленген шараларды орындамау айыппұл түрінде (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК мөлшерінде, 200 – орта және 500 – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін) және карантиннің барлық кезеңінде объектінің толық жабылуына дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Облыс арасындағы сапарларға шектеу әлі де сақталады. Алматы қаласының периметрі бойынша блокпостардың жұмысы күшейтілген режимде жүзеге асырылатын болады. Қызметі рұқсат етілген мегаполис ұйымдарында жұмыс істеу үшін азаматтардың келуіне және шығуына рұқсат етіледі. Қалаға кірудің міндетті шарты қызметкерлердің мәліметтерін infoalmaty.kz базасына енгізу болып табылады, ал өтінімдерді қабылдау ертең сағат 15.00-де ашылады. Ірі және маңызды кәсіпорындардың қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияны анықтауға тест жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, саябақтар мен скверлер ашылады. Көшеге шығуға 3 адамнан аспайтын құрамда рұқсат етіледі. Күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң сақтау, көпшілік жерлерде бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты ұстану туралы ұсыныстар өзекті болып қалады. Бұл шаралардың барлығы бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір