• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:52:55
Алматы
+35°

Бұл туралы МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов облыстық қоғамдық коммуникация орталығы алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 11 мамырында эпидемиологиялық жағдай бойынша  Маңғыстау облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған қосымша 9 адам тіркелді. Облыс бойынша 129 науқас коронавирус індетімен тіркелген. Соңғы 7 күн ішінде 55 (74,3 пайыз) науқас тіркелді.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең жоғары Бейнеу ауданында – 37 жағдай, Қарақия ауданында – 30 жағдай, Ақтау қаласында – 29 жағдай, Жаңаөзен қаласында – 23 жағдай.

Облыс көлемінде тіркелген 129 жағдайдың ішінде:

  • сырттан әкелінген – 5 жағдай (Стамбул – 1, Санкт-Петербург – 2, Астрахань – 2)
  • жергілікті жағдай – 36 (оның ішінде 20-сы «ТеңізШевройл» мекемсінен келген жұмысшылар)
  • қарым-қатынаста болғандар арасынан – 88 жағдай (68,2%) құрады.

Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың өсуінің негізгі себептері  біріншіден,  Қарақия ауданының Сенек ауылында карантин режимі кезінде жанұялық іс-шара (садақа) өткізу болып табылды. Аталған ауылдың өзінде бүгінгі күнгі 23 жағдай анықталды. Сол шарада болған адамдар анықталып, оқшауланды.

Екіншіден, Атырау облысындағы «ТеңізШевройл» компаниясында вахталық әдіспен қызмет ететін 705 өңір тұрғыны келді. Осы келгендердің барлығы зертханалық тексерістен өтіп, оның ішінде 20 адамнан инфекция анықталды.

Үшіншіден, Ресейде оқып жатқан өңірдің 154 студенті келді. Осы келгендердің барлығы тексеріліп, оның ішінде 4 адамнан инфекция анықталды.

Инфекция ошақтарында байланыста болған адамдар – 1937, жақын қатынаста – 484, потенциалдық қатынаста – 1453.

2020 жылдың 3 наурызынан бүгінгі күнге дейін 11 186 адам тексеріліп, 129 адам КВИ анықталды,  – деді Ерғали Сыдыманов.

Маңғыстау облысында  ауруының өршуіне байланысты және ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде келесі объектілер жұмыстарын жанартылады: Жалпы ереже бұрынғыдай. Оған қосымша: балабақшалар (тек ата-анасы жұмыстағы балалар ғана бара алады, жұмысыңыздан оны растайтын анықтама апарып беруіңіз керек) қосымша оқу орталықтары, сұлулық салоны, банк, ХҚКО, пошталар, сақтандыру компаниялары, нотариус, адвокаттық кеңселер, құрылыс дүкендері, тігін, аяқ киім шеберханалары, автокөлік жуу орындары өз жұмысын бастаса болды. Бұл жерлерге бетпердесіз кіруге болмайды. 1,5 - 2 метр ара қашықтықты сақтау керек. Көктемгі дала жұмыстарына да рұқсат берілді.

Мекеме мен кеңсе қызметкерлерінің 50% әлі де арақашықтықта жұмыс істеу туралы ұсынылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір