• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:28:27
Алматы
+35°

Инфекцияға қарсы ашылған стационарларда 112 науқас емделіп жатыр

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлімдеді.

Бүгінгі таңда өңірде инфекцияға қарсы ашылған стационарларда 112 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 1 жүкті әйел және 28 бала бар. Науқастардың жағдайына тоқталатын болсақ:

82 – науқастың жағдайлары қанағаттанарлық;

26 – орташа ауырлықта;

3 – жағдайлары қалыпты ауыр деп бағалануда;

16 – жазылып шыққандар.

Қазіргі таңда Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында инфекциялық бөлімдер ашылды. Провизорлық стационарлар барлық елді мекендерде ашылды. Соның ішінде, барлық медициналық ұйымдарда провизорлық фильтрлер ашылды. Сондай-ақ, обсервациялық, карантиндік стационарлар ашылды.

Коронавирус індетін жұқтырған науқастар арасында бала саны 29.

КВИ індеті бойынша қызметке жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге жағдай жасау үшін, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің отбасы мүшелерімен байланыста болмауын қамтамасыз ету мақсатында, медқызметкерлер қонақ үйлермен және тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

«СОVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 бұйрығына сәйкес, республикалық бюджеттен СОVID-19 індетімен күресу шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлері мен тәуекел топтарының жалақыларына үстемақы тағайындалды:

 1 айға (наурыз) - 354 қызметкерге берілді;

 2 айға (сәуір)  - 1101 қызметкерге  беріледі.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен қосымша жергілікті бюджеттен облыстық жедел жәрдем станция қызметкерлеріне  сәуір айында бірреттік  екі айлық үстемақы төленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір