• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:39:02
Алматы
+35°

Алматыда ұрылар бутиктерді тонау қылмысы үстінде ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Күдіктілер құлыпты бұзу арқылы киімдер сатылатын дүкендерге кіріп, құнды деп санағанның бәрін ұрлаған. Белгілі болғандай, екі ер адам да бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

– Олар тек жеке ұйымдардың үй-жайларына кірген: спорт киімдері бутиктеріне, әйелдер аксессуарларына, сұлулық салондарына, шаштараздар мен басқа нысандарға кірді. Бұл адамдар кеңсе компьютерлерінен іш киімге дейін ұрлаған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Тұрғаналы.

Құлыптарды ашу үшін қылмыскерлер өздерімен бірге арматура қайшыларын алып жүрген. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы өздерінің қылмыстық ісімен айналыса алмаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында олар қылмыс үстінде ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылардың екеуі де Алматы қалалық полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлімі (ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қылмыс заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір