• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:00:24
Алматы
+35°

Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Масктың қамауға алынуы мүмкін екені туралы хабарланды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Илон Мақсатың Калифорниядағы автомобиль шығаратын зауыты жабық тұру туралы бұйрықты орындамаған. Осыған байланысты Tesla-ның бас атқарушы директоры "егер кімде-кімді тұтқындауға тура келсе, мені тұтқындасын" деді.

Демалыс күндері Маск өз зауытының жабылуына байланысты Калифорниядан Техасқа немесе Невадаға кететінін жариялаған. Ол бұл қадамы үшін жұмыс орындарындағы бәсекелестікті ерекше атап өтті.

Илон Маск твиттер парақшасында өндірісті дүйсенбіде қайта бастайтынын, монтаждау желісіндегі қызметкерлер жұмысқа шығатынын айтты.

– Егер кімде-кім тұтқындалу керек болса, мені ғана тұтқындауын сұраймын, – деп жазды ол твиттерінде.

Зауыт орналасқан Аламеда округінің денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, дүйсенбі күні кешке Tesla рұқсат етілген минималды негізгі операциялардың шектеуін бұзған. Жергілікті билік компанияға окург бекіткен жоспарсыз жұмыс істей алмайтынын хабарлаған.

Билік өкілдері дүйсенбіде компаниядан жауап күткенін және «Tesla бұдан әрі мәжбүрлеу шараларына жеткізбейтініне үміттенетіндерін» хабарлады. Мәлімдемеде зардаптар көрсетілмеген және шенеуніктер бұдан әрі түсініктеме бермейтінін жариялады.

Жергілікті билік өкілдері мемлекеттің тыйым салу тәртібін бұзу айыппұлмен, қамауға алумен немесе екі түрімен тең жазаланатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Қамау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір