• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

12 Мамыр, 2020 Саясат

Британиялық саясаткер: Бірінші дүниежүзілік соғыс осылай басталған

Getty Images

Британиялық саясаткер АҚШ пен Қытай неге Үшінші дүниежүзілік соғыс бастау қаупінде тұрғанын түсіндірді.
Оның айтуынша, Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жағдайлар 2020 жылы қайталануда. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлады. 

Ұлыбританиялық саясаткер Джордж Гэллоуэй АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс биылғы жылы жаһандық соғысқа ұласуы мүмкіндігін болжайды. Джордж Гэллоуэй Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен қазіргі шиеленістер арасындағы шынайы ұқсастықтарды атап өтті.

Британияның экс-депутаты АҚШ-Қытай сауда-саттық келісімшартының бірінші кезеңінің бұзылу қаупіне назар аударды. Оның айтуынша, АҚШ Бейжіңді коронавирус таратқаны үшін «жазалаудың» жолдарын іздейді. 

Гэллоуэй Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы дәл осындай сауда келісімдерінің бұзылуы және сауда соғысы салдарынан болғанын айтты. Экономикалық апат әкелетін саясаттар жаһандық соғыс отын тұтандыратынын ескертті.

Британиялық саясаткер АҚШ президентінің Қытайды экономикалық жазалау туралы ескертпесін егжей-тегжейлі түсіндірді және Трамптың жаңа тарифтер енгізіп, Бейжіңді жазаламақ болғанын да тілге тиек етті.

"Қытайдан бастап таралған коронавирус АҚШ-тағы мыңдаған адамның өліміне әкеп соқтырды" деп Бейжіңді айыптаған Трамп "АҚШ-Қытай сауда келісімінің бірінші сатысы" деп аталатын сауда мәмілесін аяқтайтынын жариялаған. 

АҚШ президенті Қытай алғашқы сауда келісімінде келісілген сатып алу бойынша міндеттемелерін орындамаса, сауда мәмілесін жоятынын айтқан.

Айта кетейік, Джордж Гэллоуэй бірнеше апта бұрын The New York Post газетіне Үшінші дүниежүзілік соғысты кімдер бастайтыны туралы сұхбат берген болатын. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір