• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:58:07
Алматы
+35°

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов Қазақстан дәрігерлері тәжірибе алмасу үшін Қытайға баратынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Денсаулық сақтау министрінің Қытай елшісімен соңғы кездесуі барысында Қытай денсаулық сақтау министрінің ұсынысымен Қазақстан мамандарын сол елде тәжірибе алмасуға жіберу мәселесі көтерілді. Осы бағытта бағдарлама мен баратын мамандар тізбесін жасап жатырмыз, – деді Сержан Айдосов.

Оның атап өтуінше, Қытайға тәжірибе алмасуға баратын медицина мамандарына жұмсалатын шығынды елдің денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті мекемелер төлейді.

– Бұған қоса, еліміздің сыртқы істер министрлігінің де үлкен көмегі болады. Олар бізге қолдау көрсетіп отыр. Жалпы, мамандарымыздың қашан баратыны туралы нақты жоспар жоқ. Бірақ 2-3 аптаның ішінде анықталады. Олар Бейжің қаласына барады деп жоспарланған, – деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір