www.aa.com.tr
Алматыда коронавируспен күресіп жүрген жандарға алғыс білдіретін екінші мурал пайда болды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Тwitter парақшасында жариялады.
Коронавируспен күресті және одан жаһанды құтқарып қалу әрекетін бейнелейтін ашық бояулы суреттер Төле би және Чокин көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына орналастырылған.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін жан аямай күресіп жүрген дәрігерлерге, әскерилер және полицейлерге алғыс білдірген екінші мурал екенін жазды.
Муралдың авторлары – танымал суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов. Олардың ойынша, бұл граффити пандемияны жеңетініміздің символы және осынау күрделі кезеңдегі жанкешті еңбектерімізді еске салып тұруы тиіс.
Еске салайық, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер еңбегіне арналған бұған дейінгі алғашқы муралды Әди Шәріпов көшесі, 118-үйдің қасбетіне суретші Жұмаділ Елукенов бейнеленген болатын.

Біздің суретшілер коронавируспен күрестің, Жерді құтқарып қалудың символын бейнелейтін мурал салды. Бұл — денсаулығымыз бен қауіпсіздігімізді қорғауда жанын пида етіп жүрген дәрігер, әскерилер мен полицейлерге алғыс ретінде салынған қаладағы екінші граффити. #AlmatyBirgemiz pic.twitter.com/ZLR8nHpGlH
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) May 13, 2020
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Көп оқылғандар
Пікір қалдыру
пікір