• USD 399.51
  • EUR 447.33
  • RUB 5.78
  • CNY 56.1

13 Мамыр, 2020 Аймақтар

Маңғыстауда 3-4 маусымда түлектерге аттестат табысталады

qamshy.kz

Маңғыстауда 3-4 маусымда түлектерге аттестат табысталады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.
Өздеріңізге белгілі, 16 наурыздан бастап облыстағы барлық білім беру ұйымдарының кейбірінің жұмыстары қашықтықтан оқыту режиміне өтсе, кейбірінің жұмысы мүлде тоқтатылған болатын.
Ал, а.ж. 7 мамырдағы облыстың бас санитар дәрігерінің «Карантин шараларын өзгерту туралы» №18 ПГСВ қаулысына сәйкес бұдан былай білім беру ұйымдары келесі режимде жұмыс жасайтын болады.
Балабақшаларда кезекші топтар ашылып, тәрбиеленушілердің ата-аналарының жұмыс орындарынан анықтама талап етіледі.
Қазіргі кезде Бейнеу, Маңғыстау аудандарында балабақшаларды ашуға тауарлар мен көрсетілген қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімдерінен рұқсат берілген жоқ.
Басқа аудан, қалаларда 118 балабақшада 1803 бала келеді.
Қазіргі кезде басқарма тарапынан келесі жұмыстарды үйлестіруге тапсырма берілді, олар:
- Балабақша қызметкерлерін COVID-19 вирусына анықтайтын ПЦР анализін анықтау тесттерінен өткізу;
- Балабақшалардағы санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтау, оның ішінде балаларды тәрбиешілердің аула сыртынан қабылдап , тапсыруы, күнделікті жұмыс соңында ойыншықтар мен ыдыс аяқ, жиһаздарды дезинфекциялауы және т.б. жұмыстар;
- Кезекші топтарда әртүрлі жас топтарының балалары болғандықтан оларды кіші топтарға бөлу және оларға оқу жоспарларын әзірлеу.
1. Мектептертердің қызметі қашықтықтан оқыту режимінде жалғасады. Мұғалімдердің жалақылары мен еңбек демалыстарының ақысы уақытылы төленеді. Ол үшін бюджеттен қаржы көлемі қарастырылды (мамыр айына жалақы 3,9 млрд, отпуск 750 млн тг, барлғы 4,7 млрд тг, маусым айына 7,1 млрд тг, жалақы 2,2 млрд тг, отпуск 4,9 млрд тг.)
Облыстағы 150 мектепте (139 күндізгі, 6 кешкі, 5 жекеменшік) 150 826 оқушы және 12 534 мұғалім 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытылып жатырғаны белгілі.
Тек Маңғыстау ауданы Бекі ауылының бастауыш мектебінің 32 оқушысы «ҚазПошта» тасымалымен тапсырма жолдау арқылы оқытылады.
Штаттық режимде жұмыс жасайтын Қарақия ауданы Аққұдық мектебі ауылға жақын орналасқан Сенек ауылы тұрғындарынан короновирус инфекциясы анықталуына байланысты 4 мамырдан бастап қашықтықтан оқытуға ауыстырылды (23 оқушы, 14 мұғалім).
Бөлімді жиынтық бағалау (БЖБ) оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 4-11 мамырда, оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 11-15 мамырда өткізілді.
18-22 мамырда 1-10 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ), ал 11 сыныпта бақылау жұмысын өткізіледі.
Биылғы жылы 9 және 11 сыныптарға қорытынды аттестация тапсырмайды. Қорытынды аттестация жылдық бағалармен бағаланады.
Биылғы оқу жылында 11 сыныпты 206 оқушы Алтын белгімен (2019 ж. - 159), 326 оқушы Үздік аттестатпен (2019 ж. - 216) бітіреді.
Аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өткізіледі. Бұл мерекенің ерекшелігі – салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Түлектер әдеттегі мектеп формасымен қатысады. Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, таза ауда, тек 11 сынып оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

 

Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір