• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:24:27
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысында карантин маусымның біріне дейін созылды. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылды.

Өңірде  коронавирус індетінің таралуы әлі де қауіпті деңгейде. Әсіресе Семейде соңғы бірнеше тәулікте инфекцияны жұқтырғандар күрт көбейіп кетті. Ал шаһардағы балабақша мен  қосымша білім беретін мекемелердің жұмысы әзірге басталмайды. Дегенмен қалалық білім  бөлімі, егер  эпидимологиялық жағдай оңалса, кезекшілік топтар ашылады деп күтілуде. Қазір Семей қаласы бойынша 10 мыңнан аса бүлдіршін балабақшаға барады.

– Кезек топтарын қарастыру және басқа да жұмыстарды  ары қарай жалғастыру үшін қалалық білім бөлімінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Болашақта енди біз бір шешімге келгеннен кейін ол туралы да, өз шешімізді айтамыз, – деді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнәр Оразбекова. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір