• USD 402.37
  • EUR 449.81
  • RUB 5.86
  • CNY 56.67

14 Мамыр, 2020 NEWS

Коронавирус сау мысықтан да жұға ма?

AP

"Мысықтар коронавирустың ешқандай белгілері байқалмай-ақ басқа мысықтарға ауру таратуы  мүмкін" дейді зертханалық тәжірибе қорытындысы. Бұл туралы Қамшы тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір ғалымдар вирустың адамдардан мысықтарға жұғып және адамдарға қайтадан таралуы мүмкін екендігі туралы болжамдар жасауда. Ол болжамды нақтылау үшін жалғасты зерттеу жүргізу керек.

Вирус сарапшысы Питер Халфманнның айтуынша, бұл қауіп туралы алаңдаушылық білдіргендердің бәрі "жалпы саналы гигиенаны" қолдануы керек. "Жануарларыңызды сүймеңіз және бетіңізді таза ұстаңыз, ол жануар вирусты жұқтырған болуы мүмкін" деді ол.

Кейбір зерттеушілер тобы үй жануарлары мен адамдар арасында көптеген аурулардың тарайтынын атап өтті. Олар "гигиена әрдайым маңызды: үй жануарларына қол тигізбестен бұрын және одан кейін қолыңызды жуыңыз, үй жануарларыңызды және оның тағамдары мен су ыдыстарын таза ұстаңыз" деген кеңес берді.

Ілмек сөздер: Коронавирус Мысық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір