• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:47:12
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік пакеттерін тарту етті.
 
Акция "Эмиль" ЖШС мен облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
 
Бүгін ең бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен 8 ардагер мен тыл еңбеккері қамтамасыз етілді.
 
- Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келеді. Осылайша, біз Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралған қарттарға алғыс білдіргіміз келеді, - деді облыстық волонтерлар фронт кеңсенің жетекшісі Жансая Сержан.
 
Айта кетейік, волонтерлар соғыс ардагерлеріне қолдан келгенше көмек көрсетуде. Олар осы күнге дейін Шығыс Қазақстанда тұратын майдангерлердің үй шаруаларына қолғабыс етіп келеді. Алдағы уақытта бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Әсіресе, қазіргідей төтенше жағдай кезінде волонтерлардың жұмысы күшейе түспек.
 
ШҚО ақпарат орталығы
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: еріктілер біргеміз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір