• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:18:25
Алматы
+35°
Барлық стандартқа сәйкес келетін кардиологиялық орталық облыстық клиникадан еш кем емес. Мұнда аягөздіктерден бөлек, Үржар, Жарма, Тарбағатай аудандарының тұрғындарына да медициналық көмек көрсетіледі. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарымен ШҚО әкімі Даниал Ахметов іс сапар барысында танысып қайтты.
 
Кардиологиялық орталық аудандық аурухана негізінде салынуда. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаровтың айтуынша, бұл орталықты салу қажеттілігі бұрын туындаған. Осыған дейін өткір немесе жедел кардиологиялық патологиясы бар науқастардың дені Семей, Өскемен, Нұрсұлтан және Алматыдағы кардиологиялық клиникаларға ем қабылдауға жіберілген.
 
Аягөздегі кардиологиялық орталыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келісім ағымдағы жылдың 20 ақпанында жасалған. Бүгінде мұндағы жөндеу жұмыстарының 60 пайызы атқарылған. 1 маусымға дейін аталмыш нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады деп күтіледі.
 
– Барлық қажетті құралдар сатып алынды. 15 мамырға дейін медициналық рентген-ангиографиялық аппараты орнатылады. Мұнда компьютерлік томография бар. Айта кететін бір жайт, ауруханада оттегімен қамтамасыз ету оң жолға қойылған. Мұнда өткір немесе жедел кардиологиялық патологиясы бар науқастар емделетін болады. Бізде инсульттық орталық жемісті еңбек етуде. Екі жылдың ішінде 1870 адамды емдеп, 970 адамды оңалтудан өткіздік, - деді Шалқар Омаров.
 
Аймақ басшысы Даниал Ахметов құрылыс жұмыстарына оң бағасын берді. Сондай-ақ ол аудандық орталық ауруханадағы өткен жылы медициналық қызмет көрсету бойынша ІІІ деңгейге өткен босану бөлімшесіне барды.
 
– Бұл ауылдағы медицинаның басқа деңгейі. Жуық арада мұнда аниограф қойылады. Сонда Аягөздегі аудандық аурухананың қызмет көрсету деңгейі Өскемен мен Семейден еш кем болмайды. Бүгінде осы ауруханада жұмыс істейтін 15 дәрігер Еуропаға барып, біліктіліктерін шыңдап қайтты. Бұл алға жылжудың нақты көрінісі, - деді Даниал Ахметов.
 
Іс сапар соңында аймақ басшысы бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Ағымдағы жылдың 15 маусымында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір