• USD 397.56
  • EUR 445.94
  • RUB 5.82
  • CNY 55.96

15 Мамыр, 2020 Саясат

Тұрғымбаев Қасымовқа қарсы куәлік беруді бұйырғаны хабарланды

kaztag.kz

Ішкі істер министрлігіне қарасты "Қазақстан" санаторийінің бұрынғы президенті Қазбек Сұлтанның әйелі Альмира Сұлтан күйеуін мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовқа қарсы куәлік беруді мәжбүрлегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, мұндай талапты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қойған. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасына жазды. 

"Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша тергеушілер М.Сарбасов және Б.Есмаханов жұбайымнан бұрынғы ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен оның орынбасары Б. Бисенқұловқа қарсы куәлік беруді талап еткенін білдім.

Бірнеше ай бұрын Б.Есмаханов бастаған тергеу тобы елде жарияланған төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, ешқандай адвокаттың қатысуынсыз менің күйеуімді тергеуге алды. Тергеу кезінде күйеуіме психологиялық тұрғыдан қысым жасаған. Және манағыдай ұсыныс айтқан. Алайда жолдасым ол ұсыныстан бас тартқан. Себебі жұбайым ешкімге жала жаппайды. Бірақ өз бостандығынан айырылып, 8 ай бойы негізсіз түрмеде отыр. 

Біз тергеудің барлық кезеңінде үнсіз қалдық. Өйткені тергеушілер "барлық туыстарыңды түрмеге жауып, ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісі бойынша іс қозғаймыз" деп қорқытты. Қысым жасалып, қорқытқандықтан не істерімізді білмедік. Бірақ жақында 25 жастағы қызымызды ұстады. Қызым карантин кезінде үйде болды, бірақ оны да әкесі секілді түрмеге жапқысы келді. 8 айдан кейін қызымды тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деген шешім қабылдағаны ақылға сыймайды.

Көрсетілген қысым мен күнделікті күйзелістің кесірінен қызым түсік тастады. Енді біз қорықпауға, үнсіз қалмауға шешім қабылдадық. Мен ешкімді қорқытқым келмейді, жай ғана объективті тергеудің өтуін қалаймын. Менің жұбайым ауру және қамқорлыққа мұқтаж болғандықтан тергеу изоляторынан босатылса екен деймін" делінген Альмира Сұлтан жазбасында.

Еске салайық, 5 мамырда Алматыда ішкі істер министрлігіне қарайтын «Қазақстан» санаторийі бұрынғы президентінің кенже қызы Қазбек Сұлтанның ісі бойынша ұстағаны хабарланған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір