• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:21:51
Алматы
+35°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап мешіттер ашылады деп мәлімдеді. 

– Алла қаласа, 18 мамырда жеке құлшылық жасап, Құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттерімізді ашамыз. Осы сәтте карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Ал біздің имамдарымыз бұл мезетте күшейтілген режимде жамағатқа қызмет көрсетуі керек. Құлшылық үйін 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруды, мешітке келушілерге бетперде мен қолғап киіп алуды, дәрет алғанда, жеке құлшылық жасағанда карантин талаптарын қатаң қадағалауды тапсырамын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти мешітке келушілерді мынадай талаптарды орындауға шақырды:

  • Мешітке медициналық маска және қолғап киіп келу;
  • Антисептікті жиі қолдану;
  • Жеке құлшылық жасау кезінде 1 жарым метр арақашықтық сақтау;
  • Құран оқитын бөлмеге 1 жарым метр арақашықтық сақтап отырып, 10 адамнан артық кірмеу;
  • Неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеу.

Еске сала кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір кешін үйде өткізуге шақырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір