• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:02:20
Алматы
+35°

Маңғыстауда құлшылық ететін орындар (мешіттер, шіркеулер) 25 мамырдан бастап арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады. 

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлімдеді.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбайқажы Тағанұлы Қазақстандағы барша мұсылман қауымға үндеу жасап, 2020 жылғы 18 мамырдан бастап еліміздегі барлық мешіттердің ашылатыны туралы хабарлады.

          -Алайда, бұл рұқсат етілген шаралар тек төтенше жағдаймен қатар, карантин тәртібі де алынған өңірлерге байланысты екенін назарларыңызға салғым келеді, - дейді Мақсатбек Маханбетов.

          Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес, оның ішінде Маңғыстау облысында дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Сол себепті, облыста карантин тәртібі 25 мамырға дейін созылды.

          Сондықтан, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Маңғыстау облысында топ болып құлшылық ететін орындарды (мешіттер, шіркеулер) ашуға әлі ерте.

Өкінішке қарай, биыл 25-мамырға дейін облысымыздың барлық мешіттерінде ораза айт намазы, жұма намазы және тарауиқ намазы оқылмайды. Қасиетті рамазан айында келетін Қадір түнінде мешіт жабық болуына байланысты имамдар биыл әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, уағыздарын айтатын болады, - дейді Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

          Егер жағдай тұрақталса, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап облыстағы барлық құлшылық ететін орындарды (мешіттер, шіркеулер) арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір