• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:09:02
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамп жыл соңына дейін коронавирусты емдеп жазатын вакцинаның дайын болатынын мәлімдеп, оны тегін етуді қарастырып жатқанын айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Independent-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистердің "вакциналар тегін бола ма?" деген сұрағына АҚШ президенті Ақ үйден Кэмп Дэвидке кетіп бара жатқанда "біз оны қарастырып жатырмыз" деді.

– Біз вакциналар бойынша үлкен жетістіктерге жетудеміз. Біз жақын арада осы жайлы сөйлесеміз әрі Кэмп Дэвидте өте жақсы кездесулер өткізетін боламыз деп ойлаймын,–деді Трамп.

АҚШ президенті тағы "вакцина дайын болған кезде, оны америкалықтарға тезірек таратуға көмектесетін барлық ұшақтарды, жүк машиналары мен әскери қызметшілерді АҚШ үкіметі орналастырады" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір