• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:39:11
Алматы
+35°

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

"25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын, СО (сауда орталықтары), СОО (сауда ойын-сауық орталықтары) және сауда үйлерін кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылады. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты", - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ Алматыда 18 мамырдан бастап туроператорлар қызметінен шектеу алынады. Ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банк және қаржы секторының басқа да ұйымдары жұмысқа толық орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір